«Олимпия» Любляна командасының ойыншысы Марко Брест ЧЛ-ның бірінші іріктеу кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы матчтан не күтетінін айтып, ойымен бөлісті.
Командалар ертең Словенияда кездеседі, ал бір аптадан кейін Алматыда жауапты ойында қайта жолығады.
«Еуродан кейін біз Коич екеуміз өзіміздің үйреншікті ортамызға оралып, ойдағыдай бейімделе алдық деп есептеймін. Былтырғы жылмен салыстырғанда кейбір өзгерістер бар алайда біртұтас команда ретінде біз алаңда жақсы көрініп, «Қайратқа» қарсы бәсекеде бірден тиімді нәтижеге жетеміз деп үміттенемін», - деді М. Брест словениялық клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.
«Қайрат» премьер-лиганың 15-турында «Тұранды» 4:0 ұтып, Словенияға аттанды. Кеше команда алғашқы жаттығуын өткізген болатын.
Біздің серіктес: FONBET