Жарнама
Жарнама

«Олимпия» Любляна бас бапкері «Қайратқа» қарсы кездесу жайлы: команданың ойынына ризамын

09.07.2025, 13:25

«Олимпия» Любляна клубының бас бапкері Жорже Симау ЧЛ-ның бірінші іріктеу кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы ойынды қортындылап, қарымта кездесу жайлы ойын ортаға салды. Кешегі матчта командалар тең тарқасқан болатын 1:1.

«Олимпия» Любляна - «Қайрат» кездесуі
Жарнама
Жарнама

«Команданың ойынына ризамын, гол салатын біраз мүмкіндік жасадық, бірақ бұл футбол. Жаман өнер көрсетпеген едік, алайда, жылдам қарымта шабуылдан гол жіберіп алдық. Одан кейін тәуір ойнап, ерік-жігер таныта білдік. Бізге тепе-теңдік сақтау керек. Шабуылдау қажет әрі қорғаныста үнемі сауатты қимылдауымыз тиіс. Матч барысында тек бір ғана сәтте тепе-теңдік сақтай алмадық, ол сол доп жіберіп алған кез болатын», - деді Жорже Симау «24ur.com» сайтына. 

Қос клуб арасындағы жауапты кездесу 15-шілдеде Алматыда өтеді. Басым түскені екінші кезеңде «КУПС» - «Милсами» жұбының жеңімпазымен жолығады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров