Жарнама
Жарнама

Оливье Жиру Чемпиондар лигасының тарихына енді

03.12.2020, 20:39
Жиру Лэмпардтың қателесіп жүргенін дәлелдеді.
Жарнама
Жарнама

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-тур матчында Лондондық "Челси" "Севильяға" қонаққа барды. Кездесу "Рамон Санчес Писхуан" стадионында өтіп, 4:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Осы кездесудегі төрт голдың барлығын француз шабуылшысы Оливье Жиру соқты.

Оливье Жиру - Чемпиондар лигасында покер жасаған ең кәрі ойыншы, деп хабарлады УЕФА. Ол мұны 34 жасында жасады. Сонымен қатар, француз шабуылшысы "Челси" тарихындағы Чемпиондар лигасында покер жасаған алғашқы ойыншы атанды.

"Челси" бес ойында 13 ұпай жинады. Лондондық команда өз тобында бірінші орын алып, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті. "Севилья" (10 ұпай) топтағы екінші орынды иеленді. Келесі кездесуде "Челси" "Краснодармен" ойнайды. Ойын 8 желтоқсанда, Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров