Жарнама
Жарнама

Олжас Абраев: «Чемпионаттағы командалар санын арттыруды барлығы бірауыздан қолдады»

31.12.2020, 17:48
Келесі маусымда Премьер-лигада 14 команда өнер көрсетуі мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жетекшісі Олжас Абраев Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында коронавирус маусымының негізгі қиындықтары, чемпионаттағы реформалар, ел кубогы мен суперкубогы, отандық футболға VAR жүйесін енгізу мүмкіндігі жайлы айтты.

- Қазақстан футболы тарихындағы ең ерекше маусым аяқталды. Кәсіпқой футбол лигасы өз жұмысын қалай сипаттайды?

- Маусымның нәтижесін бағалау қиын, өйткені жоспардың бәрі орындалған жоқ. Өкінішке орай, жанкүйерлерді трибунаға шектеулі мөлшерде кіргізу туралы келісімге келе алмадық. Сондықтан, бір жағынан маусым уақытында аяқталды, екінші жағынан, кейбір жоспарлар аяқсыз қалды.

- Матчтарды бір қалада өткізу форматын тарқатып түсіндіре кетсеңіз. Қазақстандық футбол үшін бұл жаңа тәжірибе болды. Алматылық «Қайрат» ойындарды оңтүстік астанада өткізу жайлы ұсынысының түбегейлі мақсаты қандай еді?

- Маусым ойыншылар үшін ғана емес, жалпы алғанда барлығы үшін ерекше және өте қиын болды. Маусым тоқтатылғаннан кейін жоспарда бірнеше нұсқа болды. Бірақ, эпидемиологиялық жағдайға байланысты оптимистік болжамдар орындалмады.

«Қайрат» футбол клубынан ҚКФЛ әкімшілігіне чемпионаттың қалған матчтарын Алматы қаласында өткізу нұсқасын қарастыру туралы жазбаша ұсыныс түсті. Біз өз тарапымыздан бұл хатты бірден чемпионатқа қатысатын барлық клубтарға жібердік.

Клубтардың көбісі келісім бермегенде бұл идея жүзеге аспас еді. Мен «Орталық» стадионды, «Жас Қыран» футбол орталығын, Талғардағы ұлттық құрамалар базасын және Тимур Сегізбаев атындағы академияны атап өткім келеді. Барлығы да бірыңғай жобаның шындыққа айналуы және барлық санитарлық талаптарға сай болуы үшін қолдан келгенді жасады.


- Күзде өңірлерде спорттық шаралар өткізуге рұқсат берілді. Чемпионатты стандартты «үй-қонақ» форматында аяқтау мүмкіндігі болды ма?

- Қалған матчтар саны өте көп еді. Қарашаның аяғына дейін маусымда аяқтауға міндетті болдық. Сондықтан ойындар арасы 3 күн ғана болды. Ал еліміздің аумағын ескерсек, уақыттың көбі жолда кетеді. Футболшылар матчқа дайындалып үлгере алмайды. Сол себепті Алматыда маусымды аяқтауды жөн деп санадық. 

- VAR жүйесінің жақын арада ұлттық чемпионат матчтарында жұмыс істейтінін көру қаншалықты шындыққа жанасады?

- Жоғары деңгейдегі төрешілер де қателік жіберетінін көріп жүрміз. Чемпиондар лигасындағы немесе әлем чемпионатындағы маңызды матчтарда төрешілер тарапынан жіберілген көп қателіктерді мысал ретінде айтуға болады. Бұл адами фактор.

Бұл мәселеде ең бастысы - біржақтылықтың болмауы. Бұл ең маңызды іргетас. Әрбір адам қателесуге құқылы, бірақ егер бұл команданың пайдасына шешуші болса, онда мұндай қателік өте мұқият қарастырылуы керек. Біз білетіндей, Қазақстан футбол федерациясы VAR бағытында жұмыс істеп жатыр.

Біз бұл мәселені де жан-жақты зерттедік, және менің ойымша, төрешілерге көмек көрсету жүйесін енгізудегі ең маңызды проблема - оны сатып алу немесе жалға алу емес, ФИФА стандарттарына сәйкес матчты телевизиялық түсірілім. 


Бүгін ФИФА матч трансляциясында VAR төрешілеріне сигнал берілетін кем дегенде 8-ден 12-ге дейін тарату камераларын қолдануға кеңес береді. Мысалы, Ресей Премьер-лигасында 16 немесе одан да көп камералардан теледидарлық сигналдар төрешілерге беріледі. Ал Қазақстанда стандартты матч 5-6 камерамен түсіріледі. Өкінішке орай, біздің ұлттық чемпионатты таратушының барлық қалалардағы ойындарға кем дегенде 8 камера қоюға техникалық мүмкіндігі жоқ.

Басқа техникалық нюанстар онша күрделі емес. 8 камера да VAR жүйесінің жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін біз тестілеу кезінде ұқтық. 

Біздің техникалық мамандар VAR-ді енгізудің әлемдік тәжірибесін зерттейді, төрешілердің әрбір эпизодты қайталап көруіне мүмкіндік туғызатын жетекші компаниялармен байланыс орнатады. Бірақ, өкінішке орай, отандық теледидар бүгінгі күні VAR жүйесінің минималды талаптарын қамту үшін ФИФА талап ететін режимде матчтарды түсіруге дайын емес.

- ҚКФЛ ресми сайтында 2021 жылы Суперкубок матчы өтпейтінін хабарлады. Бұл кубоктың тағдыры қалай болмақ?

- Біз клубтармен Суперкубок матчын коммерциялық тұрғыдан тартымды және тиімді ету нұсқасын талқылаймыз. Мүмкін тіпті шағын турнир ұйымдастыруы мүмкін. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша әлеуетті демеушілермен келіссөздер жүргізілуде. Біз сізге бұл идеяның жүзеге асырылуы туралы міндетті түрде хабарлаймыз.


- Бүкіл сұхбаттың басты сұрағы шығар: жоғарғы дивизиондағы командалар санын көбейту жоспарланған ба? Егер солай болса, қанша командаға және қандай ережелермен?

- ҚФФ Президенті Әділбек Жақсыбековтің тапсырмасы бойынша клубтар Қазақстан чемпионатын кеңейту нұсқасын талқылады. Келесі жылдың қалай болатынын білмейміз, коронавирустың таралуына қатысты жағдайды болжау қиын. Бірақ қазірдің өзінде келесі маусымға дайындық қызу басталды, ҚКФЛ стандартты жүйелі жұмыс жүргізуде.

Жоғары дивизионды кеңейту бастамасын талқылау кезінде клубтар спорттық ұстанымды сақтау маңызды деген шешімге келді. 2020 жылғы маусымда шығарылған команда жоғарғы дивизионнан кетеді. Командалар санын 14-ке жеткізу тиімді ме? 26 тур ғана өтеді, сондықтан маусым арасында үзіліс болған жағдайдың өзіңде чемпионатты уақытында аяқтауға қолайлы.

Сонымен қатар, біз Қазақстан Кубогын реформалау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біз 1/8 финалды топтық кезең ретінде өткізуді жоспарлап отырмыз. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, инфрақұрылымға қойылатын талаптарды күшейту мәселесі қаралып жатыр. Талаптарға сай келмесе, командадан ұпай алып тастауымыз да мүмкін.

Кеңейтуге келетін болсақ, бұл идеяны клубтар бірауыздан қолдады, содан кейін клубтардың пікірі Қазақстан Футбол Федерациясының Атқару комитетіне жіберілді.

- 2020 жылы павлодарлық "Ертістің" футбол сахнасынан жоғалып кетуі бәрімізді таңқалдырды. Осындай сценарий басқа клубтарда қайталанбауы үшін не істеу керек?

- Бұл қазақстандық футбол үшін өте үлкен шығын. Жауапсыз клуб басшылығының кесірінен болған оқиға. Нәтижесінде жанкүйерлер зардап шекті, команданың даңқты спорттық тарихы бар еді.


Тағы да айтамыз: өз құрылымыңызға кәсіби кадрларды тартыңыз, оқудан өтіңіз, біліктілігіңізді арттырыңыз. Егер "Ертіс" қаржы ресурстарын жұмсауға басқаша көзқараспен қараған болса, онда мұндай өкінішті жағдай болмас еді.

Бұл оқиға футбол клубтарын сертификаттау мәселесін ашты. Бұл заңды қатаңдату керек және клубтардың қаржылық міндеттемелерін орындамайтын жағдайларды реттеудің жаңа тетіктерін табу керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров