Олжас Абраев «Қайрат» футбол клубының инфраструктуралық нысандарын тексеріп көрді

14.07.2020, 00:00
Бейресми ақпарат бойынша, алдағы Премьер-лига ойындарын Алматыда өткізбекші.

ПФЛК Қайрат клубынан клубтың инфрақұрылым нысандарын аралап көруді өтінді. Бұл тексеру ҚПЛ матчтарын бір қалада өткізу мүмкіндігін талдау үшін қажет. Басқа нұсқалардың ішінде Алматы да қарастырылуда.

«Кайрат» футбол клубының басшылығынан шақырту алғаннан кейін, Кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев «Қайрат» футбол клубының барлық инфрақұрылымдық нысандарын қарап, олардың ел чемпионатының матчтарын өткізуге дайындығын бағалады. Ол алаңдардың техникалық жабдықталуы мен сапасын тексеріп, әр қондырғының мүмкіндіктерімен танысты.