Дастан Сәтпаевтың дамуы мен жетістіктері туралы пікір білдірген Олжас Байбек оның басты құндылығы — кәсіби тәртіп пен еңбекқорлық екенін атап өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Дастанның ерекшелігі – тәртібі мен еңбексүйгіштігі"
Олжас Байбектің айтуынша, Сәтпаев күнделікті жұмыс ырғағын үлкен жауапкершілікпен орындайды:
"Дастан Сәтпаевтың ең үлкен ерекшелігі – оның тәртібі. Ол өте көп еңбектенеді. Таңғы асқа дейін пресс жасайды, ал жаттығудан бұрын екі сағат бойы залда жеке дайындалады.” — деді Байбек.
Айта кетсек, Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек Чемпиондар лигасында гол соққан тарихтағы бірінші және екінші Қазақ футболшылары.
Біздің серіктес: FONBET