Жарнама
Жарнама

Холландтың басына қара бұлт үйірілді! Гвардиола Манчестер Ситиге жаңа шабуылшы алды

Манчестер Сити басшылығының Эрлинг Холландтан көңілі қалған секілді. Норвегиялық "асау сарының" биылғы маусымда қарқыны бәсеңдеп қалды. Соны байқаған Пеп Гвардиола Германияның Айнтрахт Ф клубының шабуылшысы Омар Мармошты сатып алуын табандап тұрып сұрапты. Ситиге ауысқан Бундеслигасының сұрмергені енді Эрлинг Холландтың тікелей бәсекелесі болады. 

Жарнама
Жарнама

Бүгін “қалалықтар” 25 жастағы Египет құрамасының футболшысын таныстырып, команда қатарына қосылғанын ресми түрде мәлімдеп, әлеуметтік желіге жариялады. Оның ситимен келісім-шарты 4,5 жылға есептелген. Әлемдік БАҚ өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, бұл трансфер үшін ағылшындар «Айнтрах Ф» клубына 75 миллион еуро төлеген. Ағылшындық таблойдтардың айтуынша шейхтер МС-дің осы маусымдағы нәтижесіне мүлдем көңілі толмайтын көрінеді. Қысқы трансферге ақшаны-үйіп төгіп, Пепке жағдайды түзетуді міндеттепті. Осы кезге дейін шабуыл шебінде тек Эрлинг Холландқа сеніп келген Гвардиола норвегиялықтың сүреңсіз ойынына тойған сияқты. Омар Мармошқа көз тігіп, жазды күтпей сатып алуын сұраған.  

«Мен осындамын және мен оған дайынмын. Мұндай атақты клубқа ауысу көп футболшының басты арманы. Сондықтан, тарихты бірге жаңартайық Манчестер Сити»,- деп өзінің трансферіне пікір білдіріпті Омар Мармош.   

Айта кетейік, Хосеп Гвардиола жаттықтыратын “МС” клубы қысқы трансферде осымен үшінші футболшыны сатып алды. Соның бірі, өзбекстандық қорғаушы Абдулходир Хусанов болатын. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров