Жарнама
Жарнама

Өнертапқыш қазақша футбол ойлап тапты

23.08.2011, 20:48
Жарнама
Жарнама
Ауған соғысының ардагері, қарағандылық Жеңіс Темірбаев, футболдың, жаңа түрін ойлап тапты. Өнертапқыш, оған қазақша «Сан бол» деген атау беріпті. Бір қызығы, мұнда қос команданың қақпасы, алаңның дәл ортасында орналасқан. Сондықтанда ойын, екі төреші арқылы, алаң ортасында өрбиді. «Бұрыштама добы» ғана болмайды» демесеңіз, кәдімгі ағылшын футболындағы шарттардың, ешқайсысы өзгертілмеген.
Жеңіс Темірбаев - өнертапқыш
«Мына жерде бір команда бастайды. Сосын бәрі қақпаға жүгіреді. Егер доп алаңның екінші жағына өтіп кетсе, ойын сол жақта өрбиді».
Өзінің ойлап тапқан тәсілін, толық заңдастырып үлгерген өнертапқыш, енді УЕФА мамандарына хат жолдамақ ниетте. Егер ол жақтан, тиісті қолдау тауып жатса, қазақша футболдың да, алаңға шығатын күні, алыс емес.
Қарағанды.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров