Жарнама
Жарнама

«Оңтүстік дербиде» жеңімпаз анықталмады

19.09.2021, 03:00
Мұхаммаджон Рахимов соңғы минуттарда гол соғып, «Ордабасыға» бір ұпай сыйлады.
Жарнама
Жарнама

«Тұран» Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында шымкенттік «Ордабасыны» қабылдады. «Түркістан Аренада» өткен «Оңтүстік дербиі» 1:1 есебімен аяқталды.

Матчтың 35-минутында Стефан Живкович пенальтиден гол соқты. 66-минутта алаң иелері тағы да он бір метрлік айып добын тебуге мүмкіндік алды. Нүктеге келген Живеович қақпаның сол жақ бұрышын көздеген еді, Бекхан Шайзада сейв жасады. Ал 95-минутта алаңға тыңнан шыққан Мұхамаджон Рахимов Абдуллай Диакатенің пасынан кейін таразы басын тең қылды.

Бұл ойыннан кейін қос клуб та турнирлік кестедегі позицияларын өзгертпеді. Түркістандық клуб 20 ұпаймен он екінші орында қалса, шымкенттік ұжым 31 ұпаймен бесінші орынын сақтап қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров