Жарнама
Жарнама

Оңтүстік дербиі ақысыз негізде өтпек

Ертең Қызылордалық “Қайсар” ішкі чемпионаттың 20-турында шымкенттік “Ордабасыны” өз алаңында қабылдайды.

Жарнама
Жарнама

Матчқа дейін "Қайсар" командасы жанкүйерлерге жағымды жаңалықпен бөлісті. Онда Ғани Мұратбаевта болатын ертеңгі кездесу фанаттар үшін тегін болады делінген. 

Осыған байланысты бапкер Виктор Кумыковтан бастап, ойыншыларға дейін Қызылорда жұртшылығын ертеңгі матчқа шақырды.

Айта кетейік, “Қайсардың” өз алаңындағы бұған дейін өткен кездесулеріне орташа есеппен алғанда, 4000 мыңдай адам келіп, жанкүйер болып жүрген болатын. Жалпы Қызылордадағы стадионның сыйымдылығы 6800 адамды құрайды. 

Еске салсақ, қасқырлар “Ордабасымен” болған өткен кездесуде 5:0 есебімен ойсырата ұтылған болатын. Ертеңгі матч жанкүйерлер алдында кек алудың тамаша мүмкіндігін ұсынып отыр.  

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров