Жарнама
Жарнама

“Оны барлығы құрметтейді” Әлиевтің орнына ең лайықты үміткер – расында Жұмасқалиев пе?

11.09.2025, 09:30

Қазақстан ұлттық құрамасының болашағына қатысты пікірлер толастар емес. Бұл жолы өз ойын бұрыңғы қорғаушы Алексей Мулдаров білдірді. Оның айтуынша, құрамадағы жаңа бапкер ретінде Нұрбол Жұмасқалиевтің кандидатурасы лайықты.

Жарнама
Жарнама

Мулдаров Legalbet.kz-ке берген сұхбатында:

"Менің ойымша, футболшылар құрметтейтін және жайлы пікір айтылатын жалғыз адам бұл Нұрбол Жұмасқалиев. Оны бәрі жақсы көреді, барлығы құрметтейді. Ол өте мәдениетті, білімді әрі ақылды адам. Тек сол ғана құраманы алып кете алады. Өйткені ол шын мәнінде өз ісінің нағыз маманы.” – деп атап өтті.

Қазір Нұрбол Жұмасқалиев Қостанайдың "Тобыл” клубын жаттықтырады. Оның басшылығымен команда Қазақстан Премьер Лигасында сәтті өнер көрсетіп, 20 турдан кейін 44 ұпай жинап, үздік үштіктен түспей тұр. Бұл оның бапкерлік әлеуетін дәлелдейтін көрсеткіш.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров