Жарнама
Жарнама

“Оны Еуропалықтар алмайды” – Аршавин Қазақстандық таланттың болашағына үкім кесті

Бүгін, 14:30

"Қайраттың" бұрынғы жұлдызы Андрей Аршавин Қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Оның айтуынша, Темірдің Еуропаның ТОП 5 лигасында ойнауға мүмкіндігі жоқ.

Аршавиннің пайымдауынша, Анарбековтың бойы Еуропалық алпауыт клубтардың талабына сай келмейді.

"Темірлан Анарбековке Еуропаның үздік бес лигасында өнер көрсету үшін бойы жетіспейді. Оны ол жаққа қабылдамайды.” — деп кесіп айтты Аршавин.

Темирлан Анарбековтың бойы — 1 метр 89 сантиметр. Әлемдік футболда бұл қақпашы үшін "алтын орталық” болып саналады. Салыстырмалы түрде айтсақ:

– Икер Касильяс (Реал Мадрид) — 1.82 м

–  Ян Облак (Атлетико Мадрид) — 1.88 м

– Марк-Андре тер Штеген (Барселона) — 1.87 м, т.с.с

Бұл қақпашылардың барлығы бойы Анарбековтен қысқа болса да, әлемдік деңгейде мойындалған. Алайда, Аршавин қазіргі заманауи Еуропа футболындағы алып қақпашылар (Куртуа немесе Доннарумма сияқты 2 метрге жуық) трендін меңзесе керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров