Жарнама
Жарнама

«Оны ҚПЛ-де қалдыру керек еді»: Байсуфинов Дастан Сәтпаев туралы айтты

Бүгін, 09:11

«Қайсар» бас бапкері, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов Дастан Сәтпаевтің Англиядағы мансабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан Премьер лигасындағы үздік сұрмергендердің маусым барысында 20 голдан артық соға алмауы туралы сұраққа жауап берген Байсуфинов әзілдеп, Сәтпаевты ел чемпионатында қалдыру керек болғанын айтты.

«Дастан кетіп қалды ғой. Оны ҚПЛ-де қалдыру керек еді», — деді маман. Сонымен бірге ол жас шабуылшының дамуы үшін шетелде ойнауы маңызды екенін де атап өтті.

Байсуфинов Сәтпаевтің Англиядағы жағдайына тоқталып, оның жастығына қарамастан өзін жақсы қырынан көрсетіп жүргенін жеткізді. Мамандардың жас футболшының мүмкіндіктерін байқап отырғаны Қазақстан футболы үшін де пайдалы болуы мүмкін.

«Алла оған денсаулық берсін. Ол осындай жасында-ақ өзін көрсетіп жүр. Әрине, шетелдік бапкерлер оның әлеуетін көріп отыр. Дастан арқылы Қазақстандық футболға назар аударылып, жастарымыз шетелге ойнауға көбірек кетсе, бәрімізге пайдасы тиеді деп ойлаймын», — деді Байсуфинов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Талғат Байсуфинов Дастан Сәтпаевпен 2025–2026 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасында бірге жұмыс істеген. Дәл осы маманның жетекшілігімен шабуылшы 2025 жылдың күзінде Бельгияға қарсы ойында Ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соққан. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров