Жарнама
Жарнама

“Онымен қоштаса беруге болады” – Магомед Адиев “Ақтөбені” баптауға дайын

Бүгін, 16:44

Ресейлік сарапшы Александр Бубнов "Крылья Советовтың" бас бапкері Магомед Адиевтің төңірегіндегі соңғы ақпараттарға қатысты өз ойын ашық айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Маманның маусым ортасында Самараны тастап, Қазақстан астанасында "Ақтөбе" басшылығымен кездесуі футбол қоғамдастығында қызу талқыланып жатыр.

Сарапшының пайымдауынша, Адиевтің Астанада келіссөз үстінде байқалуы — оның Pесейлік клубтағы мансабының аяқталғанын білдіреді.

"Бұл нені білдіреді дейсіз бе? Бұл — бәрі бітті, қош бол деген сөз.” — деп қысқа қайырды Бубнов.

Адиев кеткен жағдайда Самара ұжымының тізгінін ұстауға басты үміткерлердің бірі — Сергей Юран. Бубновтың айтуынша, Юран мұндай қиын сәттерде команданы құтқарып қалуға қауқарлы маман.

"Әрине, Юран лайықты кандидат. Ол бұған дейін де осындай жағдайларға тап болған талай команданы тығырықтан шығарып алған. Сондықтан дәл қазіргі сәтте ол — "Крылья Советов" үшін ең оңтайлы таңдау.” — деді сарапшы Championat.com сайтына берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров