Жарнама
Жарнама

“Оның хикаясы енді басталды” – Ғалымжан елге орала ма?

Бүгін, 07:02

Соңғы күндері отандық футбол сүйер қауым арасында "Ахмат" шабуылшысы Ғалымжан Кенжебектің Қазақстан Премьер лигасына қайта келуі мүмкін екені қызу талқылануда. Алайда футболшының агенті Мамука Ломидзе бұл ақпаратты жоққа шығарып, ойыншының жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ломидзенің айтуынша, Кенжебек секілді талантты ойыншыға Қазақстандық клубтардың қызығушылық танытуы — заңдылық. Дегенмен, қазіргі таңда трансфер туралы сөз қозғау ерте.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Премьер лигасының кез келген клубы Ғалымжанды өз сапынан көруге қуанышты болары анық. Бірақ ол — "Ахмат” футболшысы және оның клубпен ұзақ мерзімді келісімшарты бар.” — деді агент.

Агенттің пайымдауынша, жас футболшы үшін Ресей чемпионаты — мүлде бөлек деңгей, сондықтан оған уақыт керек.

"Алаңдауға еш негіз жоқ. Оның бұл клубтағы хикаясы енді ғана басталып жатыр. Жаңа орта, мүлде басқа чемпионат — қазір ол бейімделу кезеңінен өтуде.” — деп түйіндеді Мамука Ломидзе Vesti.kz сайтына берген сұхбатын.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін белгілі журналист Елдар Аманбаев Ғалымжан Кенжебекке "Ордабасы", "Ақтөбе" және "Елімайз клубтарынан нақты ұсыныстар түскенін хабарлаған болатын. Әсіресе, Шымкенттік ұжым жартылай қорғаушыны жалдау шартымен алғысы келетіні айтылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров