Жарнама
Жарнама

«Оқжетпес» «Астана» футболшысын жалға алды

16.03.2022, 19:23
Жас футболшы өткен маусымда негізгі командада 7 матчқа қатысты.
«Оқжетпес» «Астана» футболшысын жалға алды
Жарнама
Жарнама

Көкшетаулық «Оқжетпес» «Астана» мен Қазақстан жастар құрамасының 19 жастағы жартылай қорғаушысы Мейрамбек Қалмырзаның командаға қосылғанын хабарлады.

Жартылай қорғаушы «Оқжетпесте» жалдау шарты бойынша өнер көрсетпек.

Мейрамбек Қалмырза – «Астана» клубының түлегі. Бұған дейін футболшы тек елордалық команда құрамында өнер көрсеткен. Өткен маусымда Мейрамбек «Астана-Ж» сапында 18 матч өткізіп, 3 гол соққан. Сондай-ақ, футболшы негізгі команда үшін 7 матч өткізді.

Айта кетейік, Қалмырза Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы болып табылады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров