Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны кезінде кеше Ресейдің Воронеж қаласының «Факел» командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Виктор Догадайло тізгінін ұстаған көкшетаулық аяқдопшылар бұл ойында қарсыластарына 0:3 есебімен есе жіберді. Олар бұған дейін 22-желтоқсанда Түркияның «Антальяспор» клубының қосалқы құрамын 2:1 есебімен ұтқан болатын.
«Оқжетпес» командасы Түркиядағы 2 апталық алғашқы оқу жаттығу жиынын бүгін аяқтап, ертең Көкшетауға оралмақ. Бұл жиынға 30 футболшы шақырылған болатын. Олардың 14-і команданың өз ойыншылары, алтауы қазақстандық өзге командалардан болса, ал 10-ы шетелдік легионерлер. Жалпы «Оқжетпестің» қосалқы құрамы да кеше Степногор қаласындағы «Ақсу» стадионының базасында өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынынан оралған еді. Оған 1993-1995 жылдары туған 28 аяқдопшы қатысты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Біздің серіктес: FONBET