Биыл Премьер лигаға қайта оралған Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубын өз құрамын да сербиялық және камерундық қорғаушылармен нығайтпақ.
Олар өткен маусымда Бірінші лигада 2-орын алған еді. Енді команда басшылығы Сербия суперлигасындағы «Явор» командасының қорғаушысы Марко Милованович пен Хорватияның «Интер» клубының жартылай қорғаушысы Арманд Янкеппен келісімшарт жасасты. 1982 жылы 12-тамызда өмірге келген Марко өткен маусымда Сербия суперлигасында 11-орын алған «Явор» клубында соңғы 3 жылда 73 матч өткізіп, 2 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеген болатын. Ал 1985 жылы 17-желтоқсанда Камерунда туылған Арманд Хорватия чемпионатында былтыр 5-орын алған «Интер» сапында соңғы 3 маусымда 52 матч өткізіп, онда бір мергендік танытқан еді. Енді көкшетаулықтар 19-ақпанда соңғы жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанады. Олар бұған дейінгі жиынын Белек қаласында өткізіп, тынығу үшін Түркиядан Қазақстанға 12 ақпанда оралған болатын.