Жарнама
Жарнама

«Оқжетпес» клубына трансферлік тыйым салынды

19.03.2021, 02:22
Көкшетаулық клуб сегіз ойыншыға қарыз екен.
Жарнама
Жарнама

Биыл Бірінші лигада бақ сынайтын көкшетаулық "Оқжетпеске" трансфер жасауға тыйым салынды, деп хабарлайды журналист әрі инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында.

"2021 жылғы Бірінші лиганың басты фавориті құрамын 95 пайызға жасақтап үлгерді, бірақ ыңғайсыз жағдайға тап болуы мүмкін.

Шындығында, бүгін көкшетаулық клубқа жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынды. Бұл дегеніміз, олар 8 ойыншыға өткен жылғы қарыздарын жедел түрде төлеуі керек. Әйтпесе оларға жаңа құрамды жариялауға рұқсат берілмейді. Демек, команда Премьер-лигаға берілетін жолдама үшін күресе алмайды", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров