«Оқжетпес» футбол клубы Франциялық «Ницца» академиясының түлегі Магомед-Эми Джабраиловты қатарға қосты.
27 жасар ресейлік жартылай қорғаушы мансабын "Ницца" академиясында бастады. Ол өзінің алғашқы кәсіби келісімшартын «Эспаньол» клубымен жасасты, бірақ бұл командада ойнай алмады. Кейінірек ойыншы испаниялық «Марбелью», литвалық «Стумбрас» және «Йонава», австриялық СК «Аустрия Клагенфурт», ресейлік «Ахмат» және «Факел» клубтарында ойнады.
Магомед-Эми Джабраиловта Франция мен Ресей азаматтығы бар. «Оқжетпес» клубында 11-ші нөмірмен ойнайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET