Жарнама
Жарнама

«Оқжетпес» пен «Іле-Сәулет» көш бастады

06.05.2011, 16:00
Жарнама
Жарнама
Футболдан Қазақстан бірінші лигасының басталғанына үш тур болды. Осы үш турда жүз пайыздық көрсеткішке ие болған Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Алматының «Іле-Сәулеті» турнир кестесінде көш бастап келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бірінші лигаға түсіп қалған көкшетаулықтар биыл қайтадан премьер-лигаға оралуды көздейді. Соңғы турда Алматыда қонақта болған «Оқжетпес» жергілікті «ЦСКА»-ны 7:0 есебімен ойсыратты. Сондай-ақ пре­мьер-лигадан Алматының «Іле-Сәулеті» де дәмелі. «Цеснаның» да көрсеткіші жаман емес. Екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Ал көшбасшылықтан үміткер са­нал­ған «Ақжайық» пен «Қызылжардың» хал­дері мүшкіл. Бұларда бар болғаны – 2-ақ ұпай. 3-турдың нәтижелері: «Спартак» (Семей) — «Іле-Сәулет» (Алматы) – 2:3 «Болат» (Теміртау) — «Гефест» (Қара­ғанды) – 1:0 «ЦСКА» (Алматы) — «Оқжетпес» (Көк­шетау) – 0:7 «Астана-1964» — «Қазақмыс» (Сәт­баев) – 0:0 «Екібастұз» — «Каспий» (Ақтау) – 2:0 «Ақтөбе-Жас» — «Тарлан» (Шымкент) – 4:0 «Ақжайық» (Орал) — «Лашын» (Тараз) – 1:1 «Цесна» (Алматы) — «Қызылжар» – 4:2 Автор: Арсен Жанаділ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров