Биылғы маусымда Премьер-лигада бақ сынайтын көкшетаулық «Оқжетпес» польшалық екінші лигада ойнайтын «Легионовомен» кездеседі.
Кездесудің алғашқы таймы 1:1 есебімен аяқталды. «Оқжетпес» сапынан байқауда жүрген легионерлердің бірі көзге түсті. Үзілістен кейін көкшетаулықтар Мансур Гуйенің көмегімен жеңісті жұлып әкетті.
Бүгін «Оқжетпес» Ресейдің екінші дивизионында өнер көрсететін «Волгарь» клубымен кездеседі.