Жарнама
Жарнама

«Оқжетпес» Қазақстан жастар құрамасының ойыншысымен толықты

31.01.2022, 23:22
Футболшы өткен жылы Премьер-лигада дебют жасады
Жарнама
Жарнама

Көкшетаулық «Оқжетпес» 19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Нұрғайни Бөрібаевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Нұрғайни Бөрібаев өткен жылы «Тұран» сапында Премьер-лигадағы дебютін жасаған болатын.

Ол түркістандық клуб жейдесінде 17 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасына шақыртылып тұрды .

Transfermarkt порталы Бөрібаевтың құнын 150 мың еуроға бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров