Жарнама
Жарнама

«Оқжетпес» сапында тәжірибелі футболшы қаралымда жүр

01.03.2021, 00:26
Футболшы бұған дейін де көкшетаулық клубтың намысын қорғаған.
Жарнама
Жарнама

33 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Виталий Гошкодеря көкшетаулық "Оқжетпес" клубында қаралымда жүр, деп хабарлайды euro.com.ua сайты.

Футболшы соңғы алты ай бойы "Металлист 1925" сапында ойнады. Украинаның Бірінші лигасының ағымдағы маусымында 12 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берген. Бірнеше апта бұрын жартылай қорғаушы украиналық командамен келісім-шартты бұзды.

Қазір Гошкодеря "Оқжетпес" клубының ОЖЖ-на қатысуда және "Вереске" қарсы жолдастық кездесуге қатысты. Виталий бұған дейін көкшетаулық командада 2017 жылдан 2018 жылға дейін ойнаған, 45 матч өткізіп, 2 гол соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров