«Оқжетпес» мәскеулік «Локомотивтен» Дмитрий Сычевты жалға алғанын ресми түрде хабарлады.
Көкшетаулықтардың ресми сайтына сүйенсек, Сычевпен келісім биылғы жылдың 29 қарашасына дейін жасалған. Сондай-ақ, командаға қорғаушы Евгений Горячий келді. Былтыр ол «Астана» сапында өнер көрсеткен болатын.