Көкшетаулық «Оқжетпес» Премьер-лиганың 13-турында Петропавлдық «Қызыл-Жар СК» командасынан басым түсті. Талғар қаласында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды.
«Қызыл-Жардың» грузиялық жартылай қорғаушысы Шота Григалашвили 43-минутта есеп ашып, үзіліс алдында командасын алға шығарды. Алайда екінші таймда «Оқжетпестің» ойыншылары есепті теңестіріп, содан кейін жеңіс голын соғып кетті. 54-минутта эстониялық Артем Дмитриев пенальтиді сәтті орындаса, 68-ші минутта черногориялық футболшы Дарко Зорич гол соқты.
«Оқжетпес» осы ойыннан кейін соңғы 11-орыннан тоғызыншы орынға көтерілді, қазір еншісінде он ұпай бар. Осы орыннан ол сегіз ұпайы бар "Қызыл-Жар СК" клубын ығыстырды.
Біздің серіктес: FONBET