Жарнама
Жарнама

«Оқжетпес»–жоғары топта

19.10.2011, 01:25
Жарнама
Жарнама

Өткен аптада облыс әкімі Сергей Дьяченко футболдан ел біріншілігінің төменгі лигасында өнер көрсететін  Көкшетаудың «Оқжетпес» командасының өз алаңындағы кезекті жеңісінен кейін жерлестерімізді  чемпионат аяқталмай тұрып премьер-лигаға қайта оралуымен құттықтады.

Бұл күні Алматының «Цесна» командасымен болатын ойынды тамашалауға көкшетаулық жанкүйерлер «Оқжетпес» стадио-нына әдеттегіден көп жиналды. Өйткені, премьер-лигаға өтетін жолдаманың тағдыры егер жерлестеріміз жеңіске жетсе, осы ойында да әбден шешіліп қалуы мүмкін еді. Ақыры солай болды да. Оқжетпестіктер алғашқы сәттен шабуыл тізгінін қолға ұстап, алматылық қақпашы Ильдар Шайхеслямовты жиі-жиі мазалаумен болды. Бұл талпыныс зая кеткен жоқ. Әуелі Алтынбек Дәулетханов оңтайлы мүмкіндікті қалт жібермей,  есеп ашты. Бұл нәтиже бірінші таймның аяғына дейін өзгеріссіз қалды. Үзілістен соң да көкшелік аяқдоп шеберлері  жеңіске деген құштарлық танытты дей аламыз. Әрбір кездесуде шебер ойынымен көзге түсіп жүрген Мамади Сангаре екінші допты қақпаға түсіріп, «Оқжетпестің»  жағдайын одан сайын жақсарта түсті. Ал,  ойын аяқталуға жақын қалғанда Антон Кучма  есепті 3:0-ге жеткізді. Одан арғы уақытта екі команданың футболшылары алма-кезек шабуыл жасағандықтарымен осы нәтиже кездесу аяқталғанша өзгеріссіз қалды. Матч  аяқталған  соң  облыс әкімі Сергей Дьяченко «Оқжетпес» футбол клубының басшылары мен футболшыларын кезекті жеңістерімен, сондай-ақ, бір  маусымдық  үзілістен соң премьер-лигаға қайтып оралуымен құттықтап, ойыншыларымен  бірге ескерткіш суретке түсті. «Арқа ажары»
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров