Шымкенттік "Ордабасы" Премьер-лиганың соңғы турында Көкшетаулық "Оқжетпестен" басым түсті. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 3:1 есебімен аяқталды.
Ойындағы алғашқы әрі жылдам голды 5-минутта Сергей Хижниченко соқты. Ал 39-минутта "Оқжетпес" қорғаушысы Тарас Бондаренко таразы басын теңестірді. Бірақ 56-минутта Зиги Бадибанга командасын алға шығарды, ал ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Жоао Пауло гол соғып, матчтың нүктесін қойды.
Бұл жеңіс "Ордабасыға" келесі маусымда еурокубокте ойнауға мүмкіндік бермеді. Шымкенттік команда 31 ұпаймен бесінші орынға ие болды. Ал бұл жолдаманы "Тобылды" жеңген Қарағандылық "Шахтер" иемденіп кетті.
Біздің серіктес: FONBET