«Ассалаумағалейкум, «Нұр Астана» газетінің ұжымы! Мен газеттің Орал қаласындағы тұрақты оқырмандарының бірімін, қазақ футболының жанкүйерімін. Биылғы 2011 жылдың көктемінде Қазақстан футбол құрамасы немістерден ойсырай ұтылғанда, намыстан ширығып шығарған өлеңімді өздеріңізге жолдап отырмын. Көркемдік жағына көңілдеріңіз толмаса, айып етпессіздер. Қалай дегенмен, бұл әлі пісіп-жетілмеген жасөспірімнің туын-дысы ғой». Біз қазақ футболының нағыз жанкүйерінің намысты жырын оқырманға жеткізгенді жөн көрдік.
Қазақ футболына наз Жанкүйердің ызасы тыйылмай жүр, Жеңіс әлі қазаққа бұйырмай жүр. Дамыды ма сәл болсын футболымыз, Өтіп кетті, мінекей, жиырма жыл. Үміт деген адамға жұбаныш-ты, Есіл көңіл сағымды қуа ұшты. Көз жүгіртсек футболдың тарихына, Бір күн еске түспейді қуанышты. Гүлденді деп футболды кім айтады?! Ешкім айтпай көңілді мұңайтады. Матч алдында желіккен қайран көңіл Үйге қарай құлазып құр қайтады. «Түгел жыртып тастақты айдағандай, Отырмын мен, отырмын ойға қанбай». «Футболымыз дамыды!» дегенменен, Ертеңі жоқ үміттен пайда қандай?! Бар қайратын, жігерін жиғандарды, Футбол үшін ертеңін қиғандарды. Кім көзге елестетер Пелелерді, Кім көзге елестетер Зидандарды?! Алу үшін футболшы ел алғысын, Болу керек жеңістің адал досы. Қайда жүрсің, қазақтың Мессилері, Қайда! Қайда, қазақтың Роналдосы?! Сабыр… Сабыр… Ашумен дым өспейді, «Ашу – ақыл жолдасы емес» дейді. Төзер едік барынша сабыр сақтап, Даламыздан жеңістің желі еспейді… Өтті, міне, жиырма жыл, әлі қанша Күте берер екенбіз, бір ғасыр ма?! Қажыдық біз, бапкерлер, ақталудан, Жеңілістің астында тапталудан!.. Алпамыс ФАЙЗОЛЛА, Орал қаласы, №11 мектептің 11-сынып оқушысыБіздің серіктес: FONBET