Жарнама
Жарнама

Оралхан Өміртаев: «Қандай қарсылас болса да, жеңіске деген мотивация жоғалмау керек»

10.08.2021, 01:22
Өміртаев «Шахтерға» оралғалы бері жоғары деңгейде ойнауда.
Жарнама
Жарнама

«Шахтер» командасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында «Колосқа» қарсы өтетін қарымта кездесу алдында тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

 – Конференция лигасы манызды турнир болғандықтан «Колосқа» дайындық жақсы өтуде. Алғашқы кездесуде байқағаныңыздай, «Колос» өте мықты және сапалы команда. Ертеңгі матчта барымызды салып, жеңіске жетуге және жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз.

 – ФКСБ-мен кездесудегі жеңіске бағытталған мотивацияны ертеңгі матчтан байқай аламыз ба? 

– Әрине, Конференция лигасында ел намысын қорғайтын клуб болғандықтан әр ойыншы жауапкершілікті сезініп, өзіне тиесілі міндетті атқаруы тиіс. Сондықтан өткен кездесудегі жігер жоғалған жоқ. Қандай қарсылас болса да, жеңіске деген мотивация жоғалмау керек. 

– «Шахтерға» оралуыңмен құттықтаймын! Қандай сезімдесің? Команда сені қалай қабылдады? 

– «Шахтер» үлкен футболға түлеткен команда болғандықтан барымды салып ойнауға дайынмын. Командадағы жігіттердің көбісін танимын, жақсы қарым-қатынастамын. Жалпы өз үйіме оралғандықтан жауапкершілікті жоғары бағалаймын. Ертеңгі ойында жеңіске жету үшін бар күшімді саламын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров