Қазақстандық футболшы енді "Слуцк" командасының намысын қорғайды. Шабуылшы беларусь чемпионатының клубына еркін агент ретінде ауысты.
Оралхан Өміртаев өткен маусымды "Атыраудың" сапында өткізген. Шабуылшы 30 матчқа қатысып, 2 гол соқты. Бұдан бөлек, Өміртаев спорттық мансабында "Шахтер"," Тобыл" және "Ақжайық" сынды клубтардың жейдесінде де өнер көрсетті. Жалпы ҚПЛ-де 173 матчқа қатысып, 22 доп соғып, 11 голдық пас шығарған.
Біздің серіктес: FONBET