Жарнама
Жарнама

Оралхан Өміртаев гол салып «БАТЭНІ» құтқарды

28.09.2024, 09:29

Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев «БАТЭ» - «Шахтер» Солигорск кездесуінде Беларусь біріншілігіндегі кезекті голын салды.

Оралхан Өміртаев "БАТЭ" сапында
Жарнама
Жарнама

Отандасымыз алаң иелерінің сапында ойынға 70-минуттан араласқан. Борисовтік клуб матчтың 94-минутына дейін 0:1 есебімен жеңіліп жатты. Дәл осы кезде Қазақстан құрамасының шабуылшысы мергендік танытып, таразы басын теңестірді. 

Бұл Оралханның биылғы Беларусь чемпионатындағы 7-добы. Өміртаев біріншіліктің басын «Слуцк» командасында өткізді. Онда 13 ойынға қатысып, 4 гол салған болатын. Ал «БАТЭ» сапында барлық турнирлерде өткізген жеті кездесуінде 3 рет мергендік танытты. Борисовтік ұжым турнирлік кестеде 23 турдан кейін оныншы сатыға жайғасқан. Оралхан Өміртаев ұлттық құраманың Ұлттар Лигасындағы соңғы екі ойынына шақырту алды. Алайда, алаңға шыққан жоқ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров