Жарнама
Жарнама

Оралхан Өміртаев «Тұранды» менсінбей ме?

10.01.2025, 16:50

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев «БАТЭ-мен» келісімшарты аяқталған соң жаңа клуб іздеуде.

Оралхан Өміртаев "БАТЭ" сапында
Жарнама
Жарнама

Біз осыған дейін 26-жастағы футболшының түркістанның «Тұранымен» оқу-жаттығу жиындарына қатысып, артынан келісімшартқа отыруы мүмкін екенін жазғанбыз. Алайда, соңғы ақпараттарға сенсек, ойыншының ойы басқа жақта көрінеді. Өміртаев мансабын Қазақстанда жалғастырудан бас тартып отыр. Футболшының приоритеті -  еуропалық чемпионат. Қазақстандық ойыншыға қызығушылық танытып отырғандар қатарында ресейлік командалар да бар сынды.

Айта кетейік, 26-жастағы шабуылшы өткен маусымды борисовтік клубпен аяқтады. «БАТЭ» жейдесіндегі 14 ойында 6 рет мергендік танытқан. Ал чемпионаттың басындағы ұжымы «Слуцкте» 13 кездесуде 4 гол салған еді. 

О. Өміртаев сондай-ақ, Қазақстанның «Шахтер», «Тобыл», «Атырау» мен «Ақжайық» секілді бірқатар командаларында доп тепкен болатын. 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров