Оразовтың “Олимпияға” қарсы ойынға не үшін шықпағандығы белгілі болды

Белгілі комментатор Ербол Қайыров Рамазан Оразовтың бұл кездесуге қатыспауының басты себебі - футболшының тұмау жұқтырып алуында деп алға тартты.

Фото sports.kz

Отандасымыз сырқаттанып тұрса да команданың жаттығу жұмыстарына белсене араласқан екен. Алайда “Копер” Оразовпен бірге тәуекелге бармай, оны аталмыш кездесуге қатысатын футболшылар тізімінен алып тастаған. 

Еске салайық, Рамазан словениялық ұжымға осы жылдың тамыз айында барып қосылған болатын. Оның “Копер” ұжымындағы келісімшарты 2025 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.