Оразовтың “Силькеборг” командасы чемпионатта алғаш рет жеңіліс тапты

“Силькеборг” командасы Дания Суперлигасының 2-турында “Ольборг” ұжымына 1:2 есебімен есе жіберді.

Дания Суперлигасы, 2-тур

«Ольборг» (Дания) – «Силькеборг» (Дания) – 2:1

Голдар: Матиас Йергенсен 18, Мальте Хейхольт 52 – Оливер Сонне 90

Отандасымыз Рамазан Оразов ойынға тек екінші таймның басында араласты. Flashscore порталы оны 6,2 рейтингімен бағалап, ең сәтсіз өнер көрсеткен ойыншылар қатарына кіргізді. 

Бірінші турда Ньелсен бапкердің командасы “Сенньюрск” ұжымын 1:0 есебімен жеңді.