Оразовтың “Силькеборг” командасындағы алғашқы жеңісі тіркелді

Дания Суперлиганың 1-турында “Силькеборг” “Сеннерьюск” командасымен кім мықтыны анықтады. 

Оразов Силькеборг командасындағы алғашқы жеңісі тіркелді

 

Матчта қос тараптан соққы көп жасалғанымен, қақпаға тек 1 ғана гол енді. Оның өзі 76 минутта Пелле Матссонның көмегімен таблода есепке алынды. Сөйтіп ойын 1:0 есебімен аяқталды. 

Отандасымыз Рамазан Оразов ойынды бастапқы құрамда бастап, 59 минутта өз орнын командаласына босатты. Ел құрамасының белді ойыншысы даниялық клубта 2 ойын өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады. 

Келесі кездесуін “Силькеборг” Еуропа Лигасы аясында “Мольдеге” қарсы өткізеді. Матч 25 шілдеге жоспарланған.

Материалда: