28 жастағы ивуарлық жартылай қорғаушы Секу Думбия «Ордабасымен» келісім-шартқа отырды.
Футболшы шымкенттік команданың биылғы маусымға арналған өтініміне енгізілді.
Секу Думбия бұған дейін Молдова, Беларусь, сондай-ақ Ресей чемпионаттарында өнер көрсеткен.
Соңғы жылдары израильдік «Хапоэл Хадера» командасында доп теуіп, ол клуб үшін 6 матч өткізді. Соңғы рет алаңға өткен жылдың мамыр айында шыққан болатын.
Біздің серіктес: FONBET