«Ордабасы» Қазақстан кубогі топтық кезеңінің екінші турында «Ақсумен» кездесті. Матч Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.
Ойынның 10-минутында Максим Федин пенальтиден өзінің дебюттік голын соқты. Жеті минуттан кейін Карам Сұлтанов Эльхан Астановтың асырған пасынан кейін есепті еселеді. Ал 37-минутта «Ақсудың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев қауіпті ойнағаны үшін тікелей қызял қағаз алды.
«Ордабасы» – «Ақсу» – 2:0
«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) (к) – Әділхан Добай, Сағадат Тұрсынбай, Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажитов, Акмаль Бахтияров – Александр Батищев, Виктор Брага – Эльхан Астанов (Шохбоз Умаров 66), Максим Федин (Батырхан Тәжібай 67), Всеволод Садовский;
«Ақсу»: Марсель Исламкулов (қ) – Ғафуржан Сүйімбаев (к), Артем Попов, Ұлар Жақсыбаев, Қайрат Жырғалбек уулу – Михаил Бакаев (Жасұлан Қайыркенов 54), Анатолий Красотин, Асланбек Кәкімов, Ислам Жилов (Дамир Марат 55) – Арман Смаилов (Мирас Тұрлыбек 69), Еркебұлан Тұңғышбаев;
Біздің серіктес: FONBET