Жарнама
Жарнама

“Ордабасы” бас бапкері Андрей Мартин: “Шымкенттегі жұмысымды аяқтадым деп айта алмаймын.”

24.10.2025, 15:05

“Ордабасы” клубының бас бапкері Андрей Мартин Moldfootball.com басылымына берген сұхбатында өз болашағы мен командадағы жағдай жөнінде пікір білдірді.

Жарнама
Жарнама

Бапкердің айтуынша, оның “Ордабасымен” келісімшарты әлі бір жылға жарамды, алайда соңғы уақытта баспасөзде оның клубтан кетуі мүмкін деген түрлі сыбыстар тарап жатыр.

“Кейбір БАҚ менің кетуім туралы әдейі қауесет таратып жүр. Бірақ менде әлі бір жылдық келісімшарт бар. Шымкент халқының маған және командаға көрсетіп жатқан қолдауын күн сайын сезінемін. Әрине, кез келген жерде түрлі пікірлер болады, бірақ мен мұндағы жұмысымды аяқтадым деп айта алмаймын. Керісінше, бастаған ісімді жалғастырғым келеді.” — деді Мартин.

Сондай-ақ маман маусым аяқталған соң клуб басшыларымен кездесіп, келешек жоспарлардыбірге талқылайтынын айтты.

“Маусым біткеннен кейін міндетті түрде басшылықпен отырып, болашаққа қатысты сөйлесеміз. Маған көрсеткен жеке қолдауы мен командаға жасаған көмегі үшін Шымкент қаласының әкіміне алғыс айтамын.” — деп түйіндеді бапкер.

Осылайша, Андрей Мартин “Ордабасыдағы” жобасын жалғастыруға ниетті екенін ашық білдіріп, өз болашағын Шымкент клубымен байланыстырып отырғанын атап өтті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров