Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» бас бапкері: Еуропаның ешқандай елінде бірнеше ойыны кейінге шегерілетін командалар жоқ

24.09.2024, 09:08

«Ордабасының» бас бапкері Кирилл Кекер «Астанамен» болған бәсекедегі төрешілердің жұмысы туралы айтты.

«Астана» футболшылары «Ордабасы» қақпасына салған голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, шымкенттік команданың жаттықтырушысы премьер-лиганың өткізілуіне қатысты пікірін білдірген болатын. 

«Төрешілерге ешқандай айыбым жоқ. Бізде түрлі тақырыптарда түрлі әңгімелер айтылады. Бірақ ашығын айтайықшы: Еуропаның ешқандай елінде бірнеше ойыны кейінге шегерілетін командалар жоқ. Біздің чемпионаттың құрылымын тиісті дәрежеде жүйелемейінше, осындай олқылықтар үнемі орын алып тұрады. Бұл бәсеке емес, жалпы айтып отырмын. Барлығымызға ортақ, мақтан тұтатындай бір құрылымды жасау қажет. Ал әзірше бізде бірізді жүйе жоқ - бір командада пәленбай ойын, екінші бір командада пәленбай кездесу бар дегендей. Осындай дүниелер көп болған себепті де түсініксіз жағдайлар да жиі орын алып келеді», - деді шымкенттік команданың бас бапкері. 

Еске салайық, ҚПЛ-дің 21-туры аясында «Ордабасы» өз алаңында «Астананы» қабылдап 2:4 болып жеңілді. Матч барысында алаң иелерінің қақпасына 11-метрлік айып добы белгіленіп, бұл эпизод дау тудырған болатын. Турнирлік кестеде «Ордабасы» төртінші орынға жайғасса «Астана» бесінші сатыда келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров