Кеше "Ордабасы" ЧЛ-дағы алғашқы матчын өткізді. Шымкенттік команда молдованың "Петрокубын" қабылдап, қарсыласынан айласын асыра алған жоқ (0:0).
Ойын соңынан былтырғы чемпионның бас бапкері Александр Седнев командасының көрсеткен өнері жайлы пікірін айтты.
"Клуб басшылығына, ҚФФ мен біздің жағдайымызға кіріп, матчтарын кейінге қалдырған клубтарға алғыс айтамын. Чемпионаттың маңыздылығын да бөліп-жармас едім. Қазір біздің мойнымызда үлкен жауапкершілік тұр Темірлан Ерлановтың алмастырылуына байланысты жағдай эмоционалды тұрғыда ықпал етті. Сол себепті, Тұңғышбаев пен Шеховичті алаңға жайырақ шығардық. Егерде футболшыларды жоспарға сай шығарғанымызда, ойынның динамикасын өзгертетін едік. Сапасыз ойын? Мұндай бәсекеде нәтиже керек. Ал әдемі ойын қажет болған кезде мен сондайды көрсете алатын футболшыларды алаңға шығарамын", - деді А. Седнев.
Айта кетейік, қос команда 17-шілдеде Кишиневте қарымта матчта жолығады. Қай жеңгені ЧЛ екінші іріктеу кезеңінде кипрдің"Апоэлімен" үшінші кезеңде ойнау мүмкіндігін сарапқа салмақ. Сондай-ақ, бүгін қазақстандық тағы екі команда еурожарыстағы жорықтарын бастайды. Алдымен 20:00-де "Ақтөбе" босниялық "Сараевоны" қабылдайды. Бұл Конференция Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі кездесу. Артынша түнгі 22:00-де Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында "Тобыл" сырт алаңда словакияның "Ружомберок" командасымен шеберлік байқаспақ.
Біздің серіктес: FONBET