Футбол функционері Алтай Даумов «Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартиннің жұмысы жайлы ойын айтып, молдовалық маманның ҚПЛ-дегі болашағы туралы пікірін жеткізді.
Кеше шымкенттік клуб өз алаңында «Тобылдан» ұтылған болатын 2:3.
«Андрей Мартин әдемі ойын қойса да, астындағы орынтағы қатты шайқалып тұр. Молдовалық маманның футболы көңілімнен шығатынын алғашқы күндерден-ақ жасырғам жоқ, бірақ, жақын арада орнынан алып тастайтындай. Өйткені, нәтижелерінің өзі солай болып тұр. Ал біздің футболда көп уақыт берілмейді. Десе де, меніңше оған тағы бір жыл берсе, келесі маусымда чемпиондық ойынды қойып беретін еді. Өкінішке қарай, бізде команданы бұлайша біраз уақытқа жасақтау үшін мүмкіндік берілмейді», - деді маман.
Шымкенттік клуб 28 ұпаймен сегізінші орынға жайғасқан. Келесі турда сырт алаңда «Ұлытаумен» шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET