Шымкенттік ұжым бапкер Андрей Мартинге бір мүмкіндік беріп көрмекші.
Еурокубоктің “Торпедо” Кутаисиге қарсы кездесуінен кейін қатты сыңға қалған Андрей Мартин мерзіміне жетпей қызметінен кетуі әбден мүмкін еді. Алайда “Ордабасы” басшылығы молдавалық маманға бір мүмкіндік беруді жөн көріпті.
Клубта одан әрмен қалу үшін 51 жастағы маман Шымкент ұжымын Қазақстан Кубогынде жеңіске жеткізуі керек.
Дәл қазіргі сәтте “Ордабасы” Кубоктың жартылай финалында петропавлдық “Қызылжармен” бақ сынасуда. Бұл ұжымдар арасындағы алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған болатын. Еске салайық, қарымта матч 30 шілдеге жоспарланған.
Мартин бапкерлік мансабында “Петрокуб” клубымен бірге Молдова чемпионаты мен Кубогынде топ жарды.
Біздің серіктес: FONBET