«Ордабасы» футбол клубы 23 жастағы жартылай қорғаушы Дмитрий Бородинмен келісім-шартқа отырды.
Беларусь елінің өкілі шымкенттік командада 7-нөмірмен ойнайтын болады.
Дмитрий Бородин мансабын «Гомельде» бастаған. Одан кейін «Орша», «Смолевичи», «Динамо», «Ислочь» сияқты клубтарда доп тепті. Сондай-ақ ресейлік «Чайка» сапында алты ай ойнады.
Бородин клубтық мансабында 98 ойын өткізіп, 7 гол соққан, 4 нәтижелі пасы тағы бар. Сондай-ақ Беларусь жастар құрамасында 9 матчқа қатысқан.
Біздің серіктес: FONBET