Шымкенттік «Ордабасы» 23 жастағы беларусьтік жартылай қорғаушы Дмитрий Бородинмен келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды Transfermarkt порталы.
Ойыншы жаңа командасына еркін агент ретінде қосылатын болады.
Дмитрий Бородин мансабын «Гомельде» бастады. Одан кейін «Орша», «Смолевичи», «Динамо», «Ислочь» сияқты клубтарда доп тепті. Сондай-ақ ресейлік «Чайка» сапында алты ай ойнады.
Бородин клубтық мансабында 98 ойын өткізіп, 7 гол соққан, 4 нәтижелі пасы тағы бар. Сондай-ақ Беларусь жастар құрамасында 9 матчқа қатысқан.
Біздің серіктес: FONBET