Украиналық «Колостың» 27 жастағы қорғаушысы Николай Золотов «Ордабасыға» ауысуға жақын.
Золотов шымкенттік клуб сапында 2022 жылдың 30 маусымына дейін жалдау шарты бойынша өнер көрсетеді.
Биылғы маусымда белоруссиялық қорғаушы Украина Премьер-лигасында 12 матч өткізді.
Айта кетейік, футболшы өткен маусымда украиналық командамен бірге Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында «Шахтер» командасына қарсы ойнаған болатын.
Золотов Беларусь құрамасында 2019 жылы дебют жасады. Содан бері ұлттық құрама жейдесінде 14 матч өткізді.
Біздің серіктес: FONBET