"Ордабасы" былтыр 5 миллиард теңге жұмсаған

03.04.2024, 16:44

Шымкент қаласының дене шынықтыру басқармасы "Ордабасы" клубының 2023 жылғы шығындарын жариялады.

"Балалар футбол орталығы - 1,2 миллиард теңге, премьер-лигаға қатысуға кеткен қаржы - 1,2 миллиард теңге, Конференция Лигасына қатысуға кеткен қаражат - 1,4 миллиард теңге, футболшылардың жалақысы - 1,1 миллиард теңге",- делінген басқарма баяндамасында. Айта кетейік, "Ордабасы" былтыр ҚПЛ-де топ жарған болатын. Биылғы біріншілікте шымкенттіктер 3 турдан кейін 4 ұпаймен бесінші сатыда келеді.