Қазақстан Кубогінің екінші туры аясында БЖМОРСМ 8 бен "Ордабасы" командалары өзара мықтыны анықтады. Матч "Астана Аренада" өтіп, 1:3 есебімен шымкенттік клубтың пайдасына аяқталды.
Ойынның небәрі 6-минутында Сұлтанбек Астанов өзінің бауыры Эльханның пасын ұтымды пайдаланып, есеп ашты. Ал 28-минутта Сұлтанбек қақпаның алыс бұрышын дәл көздеп, матчтағы екінші голды соқты. 64-минутта Сергей Хижниченко қарсыластарының қателігінен кейін есепті 0:3-ке жеткізді. Бірақ қарсыластар жұбаныш голын соғу мүикіндігіне ие болды. 77-минутта Нәбиев пенальтиді өз пайдасына жаратты.
Қатарынан екінші матчта жеңіске жеткен Александр Седнев шәкірттері өз тобында 6 ұпаймен көш бастады. Бірде-бір ұпайы жоқ елордалық клуб ең соңғы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET