Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» БЖМОРСМ 8 командасын ірі есеппен жеңді

19.08.2021, 03:07
Қос команда да топтық кезеңнен шыға алмады.
Жарнама
Жарнама

Шымкенттік "Ордабасы" Қазақстан Кубогі топтық кезеңінің алтыншы турының кейінге қалдырылған матчында БЖМОРСМ 8 командасын 7:1 есебімен ұтты.

Алаң иелері сапында Қанат Әшірбай, Сағадат Тұрсынбай, Батырхан Тәжібай, Сергей Хижниченко, Аслудин Хаджиев, Максим Ваганов, Ерік Жарылқасын мергендігімен көзге түсті. Ал елордалық клубтың жалғыз голын Алтынбек Төлеев 82-минутта соқты.

"Ордабасы" бұл жеңістен кейін 10 ұпаймен үшінші орында қалды. Ал елордалық клуб турнирді ең соңғы орынмен аяқтады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров