Шымкенттік ұжымның жаңа ойыншысының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Камерун ұлттық құрамасының орталық қорғаушысы Ги-Марселин Килама мансабын Шым қалада жалғастырады.
Киламаның трансферлік құны 1 миллион еуроға бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш оны бірден Қазақстан Премьер лигасындағы ең қымбат әрі таңдаулы ойыншылардың қатарына қосады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, футболшы бүгін-ертең клубтың орналасқан жеріне келіп, келісімшартқа қол қоюы тиіс.
2024 жылы Камерун ұлттық құрамасында дебют жасап, бүгінде бес ойын өткізіп үлгерген Килама — нағыз шебер қорғаушы. Оның кәсіби жолы туралы негізгі мәліметтер:
– Физикалық деректері: Бойы — 1.82 метр, оң аяқпен жақсы ойнайды.
– Әмбебаптығы: Негізгі позициясы — орталық қорғаушы, бірақ қажет болған жағдайда оң қанаттағы қорғаныста немесе тірек жартылай қорғаушысы ретінде де өнер көрсете алады.
– Мансабы: Камерунның Дуала қаласында туып-өскен ол футболдағы алғашқы қадамдарын "Ecole de Football Brasseries” академиясында бастаған. Кейіннен Францияның "Шамуа Ньорте” (Ligue 2) клубында бес маусым бойы тұрақты ойнап, 100-ге жуық матч өткізген.
– Түркиядағы тәжірибесі: 2023 жылдан бастап Түркияның "Хатайспор” клубында доп тепті. 2026 жылдың қаңтарына дейін бұл команда сапында 81 кездесуге қатысып, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Килама — қорғаныстағы сенімділігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленетін ойыншы. Оның "Ордабасыға" келуі Шымкенттік клубтың қорғаныс шебін нығайтып, чемпиондық бәйгедегі мүмкіндігін арттыра түспек.
Біздің серіктес: FONBET